Сабақта саралап және даралап оқыту


Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдеріне арналған курста теориялық материалдар, педагогикалық тәжірибеден мысалдар, алынған білімді тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстар берілген. Сабақтан кейін ұсынылатын тапсырмалар педагогтерге сабақта оқытуды саралау және дараландыру бойынша қажетті білім мен дағдыларды игеруге көмектеседі.

Мазмұны:

  • Саралап оқытудың заманауи тәсілдері;
  • Сабақтағы саралау: тәсілдер мен әдістер, оқыту модельдері, оқушыларды бағалау әдістері;
  • Диагностика: түрлері, әдістері, құралдары;
  • Диагностика нәтижелерін ескере отырып сабақты жоспарлау: оқуды ұйымдастырудың формаларын, оқыту және бағалау стратегияларын, ресурстарын таңдау;
  • Сабақта саралауды қолдану: жұмысты ұйымдастыру формаларының тиімділігі, оқыту және бағалау стратегиялары, ресурстар;
  • Жеке оқу траекториясы.

Практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша сертификаттау (80 және одан жоғары пайыздық көрсеткіш).

Оқу тілі: қазақша