Өз тәжірибесін дамытуды басқару


Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтеріне арналған курс үш модульден тұрады:

  • Кәсіби даму мақсаттарын қою;
  • Сабақты бақылау;
  • Сабақ бойынша рефлексия.

Әр сабақтан кейін тыңдаушыларға өзінің педагогикалық тәжірибесін дамыту үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге көмектесетін тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмаларды орындау және жүктеу мерзімдері төмендегі кестеде және оқиғалар күнтізбесінде көрсетілген. Мерзімі аяқталғаннан кейін жүктелген тапсырмалар бағаланбайды. Тапсырмаларды орындаудың 80% - дан жоғары жинаған курс қатысушылары курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алады. Оқыту қорытындысы бойынша 90-100% жинаған қатысушылар педагогтердің кәсіби дамуын қолдау бойынша тренерлер ретінде одан әрі оқудан өту үшін ұсынылатын болады.

Оқу тілі: қазақша